Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов бақилық болды

news full159483196988a11fcdfedd75faba58963d33994882

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетов өмірден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 15 шілде күні кешке Facebook парақшасында аймақ әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жазды.

«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – делінген хабарламада.

Өлімнің себебі көрсетілмеген.

Қосман Айтмұхамбетов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.