Депутат мәйітханада болған сұмдық жағдайдың себебін айтты

m y thana

Мәйітханаға жақындарының денесін алып кетуге барған тұрғындар ғимараттағы иіске байланысты шағымданып жатыр

АЛМАТЫ, 15 шілде — Sputnik. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Facebook-тегі парақшасында Орал қаласындағы мәйітханада марқұмдардың денесі екі ай бойы жатқанын хабарлады. Қала тұрғындары иіске шағымданып, депутаттан көмек сұраған.

Имашева Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәйітханадағы жағдай бақылауға алынғанын айтты деп отыр. Бұл мекеме жергілікті билікке қарасты емес.

Жағымсыз иістің себебі анықталды. Мәйітханада тоңазытқыш істен шыққан.

«Мәйітханадан марқұмдардың денесі дер кезінде шығарылмаған. Бұл істі Орал әкімдігі бақылайды. Жақындары алып кетпегендерді жерлеумен «Талап» АҚ айналысуы тиіс. Бірақ олармен келісімшарт мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан ешкім әкетпей жатыр», – деп жазды депутат.

Екі мәйіт 16 және 26 маусымда түскен.

«Бүгін жерленді. Жауапты тұлғалардың сылбырлығы осындай жағдайға себеп болды. Қарапайым адамдарға қолайсыздық тудырды», – деді депутат.