42500 теңге шілде айында кімдерге, қалай беріледі?

2071299994

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантиндік режімнің ұзартылуына байланысты 42500 теңге қайта берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді», – деді Тоқаев твиттердегі парақшасында.