«Сізді аңдып отырады»: Фейсбук желісі туралы сіз білмеген құпиялар

72733464 10220943018715413 4912022558766792704 n

Әрине, әлеуметтік желі жариялаған, жүктеген барлық фото, жазба, қызыққан іс-шаралар, фото, видео, сізді белгілеген суреттер, жеке хаттар, достарыңыз, аккаунтқа қосылған күніңіз және қандай телефон арқылы кіргеніңіз сақталады.

Жарияланбаған жазбалар 

Кезекті жазбаңызды жазып, көпшіліктің назарына ұсынар алдында айнып қалып, оны өшіріп тастасаңыз да Facebook сақтап қалады.

Өшірілген жазбалар 

Жазған пікіріңізді өшіріп тастадыңыз ба? Ол көрінбей тұрса да, ақпарат серверінде сақталады. Facebook-тің бұрынғы қызметкері 2013 жылы былай деп жазған еді. «Facebook-ке ақша берсеңіз де сіз туралы мәліметтерді өшірмейді. Аккаунтын өшіруге бел буған адамның жеке ақпараты бір адамға байланысты болмайды. Бар болғаны осы» дейді ол.

Адамның түр әлпеті 

Facebook-те DeepFace бағдарламасы жұмыс істейді. Ол адамдардың жүзінен тани алады. Досыңыз фотода сізді белгілеген сайын, ол DeepFace базасын толтырып отырады. Ендігі жолы бағдарлама сізді ешбір қиындықсыз «таниды».

Сіз көрсетпеген мәліметтер 

Facebook өзі немесе серіктестерінің көмегімен әлеуметтік желіге тіркелгендердің парақшасын сараптайды. Оған қандай жарнама қызықтырады, телефон номерлері, үй мекен-жайы және қосымша электронды пошта, орналасқан жері, жынысы, тілі, білім деңгейі, кірісі, үйдің бағасы, аумағы және үйдің салынған жылы деген секілді ақпаратты жинастырады.

Постыңызды мейлінше аз адам көргенін қалайсыз ба?

Ендеше постқа бірнеше адамды тегтеп қойыңыз. Фейсбук алгоритмі міндетті түрде бұл постты көп адамға көрсетпейді, осылайша шыныменен қызық емес постыңызды көпшілік көрмейді.

Фейсбукта сілтемені қалай бөліскен дұрыс?

Бізге Фейсбук әлбетте алгоритмі қалай істейтінін айтпайды. Тек тәжірибе арқылы ғана өзімізге қажеттісін түсінуге тырысамыз. Сілтеме бөлісудің 3 түрі бар:

– Шағын мәтін және сілтеменің өзін сниппеті арқылы шығару;
– Сурет-посттың үстіне мәтін және сілтеме орналастыру;
– Посттың астына алғашқы коментке сілтеме қою.

Әркімге өзінің әдісі дұрыс сияқты көрінеді. Негізі солай әлбетте. Нәтиже әкелетін әдісті қолданған дұрыс. Менің жиі қолданатыным: дұрыс превьюлі сниппет, яғни түсінікті тақырып және лид үстінде дұрыс көрінетін сурет.

Бірақ бір жаман жері бар. Егер өз аккаунтыңмен сол сайттың сілтемелерін таргетке шығаратын болсаң, залым Фейсбук жеке парақшаңда шығарсаң да сілтемеңді көпшілікке көрсетпейді. Өйткені оның алдында парақша арқылы таргетке ақша төлеп жүрдің, сенде ақша бар екенін біледі. Сондықтан тағы да төлеп отыруға итермелейді. Сол сияқты өзіне бәсекелес Ютубтың сілтемесін бөліссең де шықпайды.

Не қызықтырады?

Facebook-ке 360 градусты видеоларды жүктеуге болады. Онымен камерамен қайда бұрғысы келесе де, бұра алады. Ал әлеуметтік желі сізге қандай салалар қызықтыратын зерттейді.

Facebook-тен тыс 

Facebook сіздің басқа қандай сайттарға кіретініңізді бақылайды. Тіпті сіз әлеуметтік желіден шығып кетсеңіз де куки арқылы сізді аңдуға тырысады. Facebook курсордың орын алмасуына дейін аңди алады. Бұл ақпараттармен Facebook не істейді? Аталмыш ақпаратты түрлі мақсатта қолданады. Ең алдымен қандай жарнама қызықтыратынын білу үшін. Бірақ компания жасырын түрде сіздің басқан лүпілдеріңіз бен жаңалықтарыңызды бақылай отыра әлеуметтік тәжірибе мен зерттеулер жасауы мүмкін. Сіз туралы ақпаратты мемлекеттік органдар мен сақтандыру компанияларына бере алады. Компания қызметкерлері оны жеке мақсаты бойынша да зеттеуі ықтимал.

Не істеу керек? 

Вики Бойкис Facebook–ті қолданғанда пайдаланатын өз ережелерімен бөлісті. Жеке басыңызға қатысты көп ақпарат жарияламаңыз. Балаларыңыздың фотосын шығармаңыз. Әсіресе ол фотоға рұқсат бере алатын жасқа дейін жетпегенше. Facebook-ті қолданып болғаннан кейін, желіден міндетті түрде шығып кетіңіз. Facebook үшін бөлек браузер қолданыңыз. Жарнамаларды бұғаттап отырыңыз. Facebook-ті, оның ішінде Facebook Messenger-ді саяси шараларды ұйымдастырған уақытта қолданбаңыз. Пікір алаңы ретінде Facebook-тің өзін пайдаланып, хат алмасуға басқа мессенджерді қолданған абзал. Мәселен, Signal, Telegram (Лажы болса Facebook–ке тиесілі емес мессенджері болғаны дұрыс).

 

(Вики Бойкис және Аршат Ораздың 

мәліметтері негізінде дайындалды)