Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе жасалатын қазақстандықтардың болжамды саны – 2,3 миллион адам.
Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтты.
«Болжам бойынша вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады», -деп мәлімдеді министрліктен.
Екпе егілетін адамдардың болжамды саны – 2 миллион 347 мың.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткен соң ғана басталуы мүмкін.
«Қазіргі таңда вакцина әлі әзірленген жоқ және бағасы да белгіленбеген», – деді ведомстводағылар.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі елде вирусты қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмегенін атап өтті.
6 шілдедегі мәлімет бойынша республикада барлығы 48 574 адам індетке шалдықты.