Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде ауруханада пакетте адам денелері жатқаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Әкімдік мұны жоққа шығарып отыр.

Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы ауруханада пакеттерде мүрделер жатыр деген видео тарап кетті. Бұл видеоның Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауды сұраймыз», — деді облыстық әкімдікте.

Бұған дейін әлеуметтік желіде екінші карантин кезінде 75 мың теңге төленеді деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев қан плазмасы негізінде коронавирусқа қарсы вакцина жасалады деген жалған ақпарат таратты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бір айлық есептік көрсеткіштен 1 мың АЕК-ке (2 778 000 теңге) дейінгі айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, бір жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

ФЕЙК. Қара пакетпен оралған науқастардың мүрдесі бар видео Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауларыңызды сұраймыз. ФЕЙК. Видео, на котором запечатлены трупы пациентов, упакованные в специальные мешки, не имеет никакого отношения к Мангистауской области. Поэтому официально заявляем, что эта информация не соответствует действительности. Просим не связывать это видео с больницей г.Актау.

Публикация от МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_mangystau)