Елбасының баспасөз қызметі фильмнің анонсын жариялады.
Жарыққа шығатын фильм журналист Айгүл Әділова мен Елбасы баспасөз қызметінің арнайы жобасы. Көрермендер фильмді 6 шілде күні сағат 21.40-та “Хабар” арнасынан тамашалай алады.
“Биліктің ауысуы – қауіпті сәт. Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді. Мен осыны ескердім”, – деді Назарбаев.
Елбасының айтуынша, коронавирус билік жақсы басқаратын елдер қиындыққа төтеп бере алатынын көрсетті. Ол адамдар көз жұмып жатқан жағдайда жылдам шешім қабылдау маңызды екенін айтты.