18 дәрігер коронавирустан қайтыс болды

14329745

Бас санитардың айтуынша, медицина қызметкерлері індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-ін құрайды

Қазақстанда 18 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауырып қалған дәрігерлердің 492-де пневмония байқалса, 511-і емін жалғастырып жатыр.

«18 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың арасындағы өлім жағдайларының бәрі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсетумен байланысты емес», – деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазір індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-і – медицина қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлері қандай ауруханаларда жұмыс істейді

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды.