Google бірқатар БАҚ-қа жаңалықтар үшін ақы төлейді

image l 1

Google бірқатар БАҚ-қа жаңалықтар үшін ақы төлейді

Google бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сапалы жаңалықтары үшін ақы төлейтінін мәлімдеді.

«Бүгін біз сапалы контент үшін ақы төлейтін осы жылғы лицензиялық бағдарламаның басталғанын хабарлаймыз», – делінген компания хабарламасында.

Бірақ Google жаңалықтарға қанша төлейтіні айтылмаған.

Германия, Аустралия және Бразилиядағы Spiegel, Solstice Media және Diarios Associados компанияларымен алғашқы келісімшарттар жасалды. «Біз бірнеше елдердегі БАҚ-тардан бастаймыз, болашақта олардың саны артады», – деп хабарлады компания.