Елді шулатқан көлікжайдағы ұзату тойының мән-жәйі белгілі болды (ВИДЕО)

5ef5dd44481d4053289713
Салтанатты тойды өндірістік аймақта орналасқан арнайы техникаға арналған сарайда өткізбек болған.

Ауыл шаруашылығы сарайларының біріндегі қыз ұзату тойы қай облыста өткені анықталды, деп хабарлайды Qazbrand.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде карантин кезінде ерекше орында өткізілетін қыз ұзату тойына дайындық түсірілген видео тарады. Салтанатты тойды өндірістік аймақта орналасқан арнайы техникаға арналған сарайда өткібек болған.

Белгілі болғандай, сарай Қарағанды облысы Осакаров ауданында орналасқан.

«Бұл видео бойынша Осакаров ауданы Молодежный кентінің полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Жеке кәсіпкер той өткізу  фактісін жоққа шығарды. Тойға дайындық жүргізілді. Нысанның иесі басқа жақта болған, дайындық туралы ештеңе білмеген. Іс-шараның ұйымдастырушысы жеке кәсіпкердің немере бауыры болды. Той өткен жоқ», – деп хабарлады Осакаров аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы.

Қарағанды ​​облысының санитарлық қызметінің мәліметінше, жеке кәсіпкермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Нысан басшысы жұмыстан қызметкерлерді босатты. Осакаров аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қарағанды облысының бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысы табыс етілді», – деді Қарағанды облысының санитарлық қызметінде.