Зиратты қиратқандардың көздегені не?

5ef664394ddc2848223985
Олар тапа-тал түсте 40-50-жылдардағы ескі бейіттерді бұзып жатқан сәтінде қолға түсті.

Қостанай облысының Құсмұрын ауылында тұратын ерлі-зайыптылар арматурасын алып, өткізу мақсатында 20-дан астам ескерткіш пен қабір құлпытастарын қиратқан. Ішімдікке салынған екеудің бұл әрекетін көрген ауыл тұрғындары полицияға хабар беріпті, деп хабарлайды Qazbrand.info ақпарат порталы, Еразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Арматураларды металл қабылдау пунктіне өткізу үшін ерлі-зайыпты маскүнемдер тапа-тал түсте 40-50-жылдардағы ескі бейіттерді бұзып жатқан сәтінде қолға түсті.

Анықталғандай, онда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сол ауылға қоныс аударған шешен диаспорасының өкілдері жерленген. Одан бөлек, қос вандал басқа да ұлт өкілдері зираттарының да тас-талқанын шығарып үлгеріпті.

Осы жайтқа қатысты полицейлер қазір ҚР ҚК-нің 314-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бап айыппұл төлеуді және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.