«20 миллион пікір»: Нұрлан Қоянбаев желіде әлемдік рекорд жаңартпақшы

2020 06 27 00 01 33

«20 миллион пікір»: Нұрлан Қоянбаев желіде әлемдік рекорд жаңартпақшы

Отандық танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram желісінде жаңа әлемдік рекорд жаңартпақшы. Ол өз парақшасында мемлекеттік тудың суретін жүктеп, оқырман қауымнан 20 миллион пікір жинамақ. Ол үшін белгілі әзілкеш барша қазақстандықтардың көмегіне жүгінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Қоянбаев мемлекеттік тудың астында 20 млн пікір жазылса, Instagram желісіндегі әлемдік рекорд жаңаратынын айтты. Әзілкеш әрбір отандасы кемінде 20 пікірден қалдырса, қажетті сан шығатынын түсіндірді. Оның айтуынша, аталмыш желідегі рекорд әлі бес миллион пікір жазылған суретке тиесілі. Сол үшін Қоянбаев бұл рекордты қазақстандықтар болып жұмыла жаңартуға шақырды.

«Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әр қайсымыз 20 коменттен қалдырсақ, кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото, әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік. Биікте самғасын көк байрағымыз» , – деп жазды телепродюсер.

Еске сала кетейік, Нұрлан Қоянбаевтың фильміндегі рөл үшін таласқан Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерей жаға жыртысып қалғанын жазған болатынбыз. Қос актердің төбелеіс жатқан видеосы желіде тарап кетті.