Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

photo 68845

Синоптиктер 27-29 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Алдағы күндері күн суытады.

«Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклондық қызмет аймағында болады. Солтүстік циклондар сериясы солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерге мол жауын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура плюс 2-10 градусқа дейін, күндіз плюс 10-18 градусқа дейін төмендейді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің күшеюі, дауыл және бұршақ күтіледі», – дейді «Қазгидромет» өкілдері.