Әкімінің алғысын қоқысқа тастады

5d9b2b524b01f019168892

Белгілі заңгер, блогер Әйгүл Орынбек, Шымкент қаласы әкімі Әйтеновтың алғыс хатын қоқысқа тастады.

Әйгүл Орынбектің фейсбук парақшасында, «Ақпарат майданында халықтың үнін жеткізу үшін, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуға барынша жүгіріп жүремін! Ешкімге міндетсінбегем жасаған істерім үшін, ешкімнен әрбір ісіме өтем ақы немесе алғыс сұрамағам!Ең бастысы елімінің тыныштығы, халқымның амандығы деген ұранмен жүрдім! Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, азаматтық көзі ашық қоғам құру ниетім еді! Ниетімнің, болашаққа деген үмітімнің күл талқанын шығардыңдар!Тек мерекеде алғыс айтып, қалған уақытта адамға қоқыс ретінде қарап, шырылдатып үніңді тыңдамай жатқан әкімдіктен не үшін алғыс алуым керек? “Қоғамға үлесіңізді қосып жатқаныңызды білеміз”- деп жазыпты, көрдім көріп отырғандарыңызды, іспен дәлелдедіңіздер! “Дамыған мемлекетпіз, біз де бәрі керемет, біз біргеміз”- деп өтірік ұрандаудың керегі не, адам өмірін сақтап қалуға қолдан келгенін жасай алмай жатқан да? Халық ештеңеге кінәлі емес! Мемлекет әрбір ауырған азаматының жағдайын жасауға міндетті!Халықты қоқысқа лақтырғандай лақтырып тастап жатқан кезеңде, сіздердің алғыс хаттарыңыздың да орны қоқыста!Қаржылай сыйлықтарыңа рахмет, ауруханаға қосқан үлесім болсын!Бейшара елдің ауруханаларына дәрі-дәрмек алыңдар!Маған қарапайым халықтың алғысы жетеді!»-деп өзінің өкпесін білдірген. Шымкент қаласы