Home Бүгінгі жаңалықтар Үйіміз мәйіт сасып кетті: Алматыда туыстарын жерлей алмай отыр

Үйіміз мәйіт сасып кетті: Алматыда туыстарын жерлей алмай отыр

Алматыда қайтыс болған адамдарды туыстары жерлей алмай отыр. Кей азаматтар тіпті ақымына дейін қазып қойған. Алайда сот сараптамалық институты өкілдері өлген адамдардың денесін бермеген. Бар гәп «короновирустан қайтыс болмаған» деген анықтамада екен. Бірақ қалада сараптама орталықтары карантинге жабылып қалыпты. Атырау, Шымкент, Алматы облыстарына апарып жерлеуді көздеп отырған азаматтар өлген адамдардың денесі бұзылып кететін болды деп дабыл қағуда. Иісі шығып кетпеуі үшін ең болмаса салқын жерге жатқыза тұрайық десе, орталық мәйітхана марқұмдардың денесін қабылдаудан бас тартыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Дома трупы лежат жара такая все разлогается. Пишите министрества юстиций».

Туыстары қайтыс болған азаматтар бүгін Алматы қаласы бойынша сот сараптамалық институтына келіп, шу шығарды. Кей азаматтардың туыстары үйінде қайтыс болыпты. Күннің ыстыңында денесі бұзылып барады, үйіміз өлік сасып кететін болды деп дабыл қағуда.

ЕКАТЕРИНА ХОЛЮЧЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Кеше біздің 80 жастағы апамыз қайтыс болды. Сарапшы келіп COVID-19 сынама алып мәйітке ешкім жақындамасын деп айтты. Апамыздың денесі үйде. Енді ешқандай салттық қызмет өкілдері де жолай алмауда».

Тұрғындардың кейбірі қайтыс болған жақындарының денесін бұзылып кетпеу үшін сот сараптамалар институтына өткізіпті. Алайда тест қортындысы шықпаған соң мәйітті де бермей жатыр екен. Кей азаматтар туған жерлеріне де апарып жерлеуді көздейді. Араларында Атырау, Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент, Талдықорған қаласына апарғысы келетіндер бар. Егер сараптама тездетіп жүргізілмесе, өлген адамның денесі бұзылып кететін болды деп ашынуда. Тіпті жерін алып, ақымын қазып та қойғандар да бар.

МҰРАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Ешқайда бара алмай жатырмыз жерлеуге. Ешқандай, ешкімнен көмек жоқ. Мына кеше келіп әрең өткіздік. Екі күннен кейін. Сасып кетті үйде. Енді соны ала алмай жатырмыз. Анализ келмей жатыр. Еш жер қабылдамай жатыр».

ЖАНАТ ИМАНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Ауылдың туысқандары жерін қазып, ақымын қазып күтіп жатыр. Жерге тапсыратын күні негізі қазақтардың несі бойынша. Сол мәйіттің өзін жеткізу 4 сағат алады. Осы немен осында жүрміз. Кеше де адам көп болды. Бүгін де ала алмай жүр сүйектерін»

ЕРБОЛ МОЛДАБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Досымның келіншегі қайтыс болып еді. Бүгін үшінші тәулік әлі ала алмай отырмыз өлікті. Біз Шымкентке Ленгерге алып кетуіміз керек. Уже 3 сутка болды анда бар, акиматқа бар дейді. Барсаң әр жаққа жұмсай береді. Білмейміз не істерімізді. Сүйек нағып, бұзылып бара жатыр».

Мәйіттерден алынған био материалдарға сараптама жүргізетін ұлттық сараптама орталығының өзі карантиге жабылып қалыпты. Сараптама жүргізілмейді. Әрі қайғырып, әрі анықтама ала алмағандар орталыққа барып мардымды жауап ала алмады.

Сот сараптама институтының мамандарынан сұхбат алу мүмкін болмады. Телеон арқылы әрең жауап берген өкілдері мәйітханада оннан астам дене бар екенін жеткізді. Зерттеу қортындылары болмаған соң денелерін бере алмай отырмыз деп ақталды.

ЖАМБЫЛ БЕКЖАНОВ, СОТ САРАПТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
«Қазір біздің мәйітханада 13 дене жатыр. Оның ішінде 10 денеде ковид нәтижелері жоқ. Зерттеу спаравкалары болмаса да біз қабылдаймыз. Қазіргі уақытта ең проблемасы результаты. Ковид бойынша зерттеу. Оны денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын зертханалар істейді».

Ұлттық сараптама орталығының өкілдері бүгін еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері «ауруханадан тыс жерде қайтыс болған адамдардың денелері коронавирус анықтамасынсыз жерленеді» деген қаулыға қол қойғанын жеткізді. Алайда сот сараптамалар орталықтарына әлі нұсқау берілмеген. Сондықтан әлі ешкімге туыстарының мәйіті берілмепті.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here