Бейсен Құранбектің анасы қайтыс болды

05914de17707e15c12b2953ed61f7579

Белгілі тележүргізуші, марқұм Бейсен Құранбектің анасы бақилық болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы журналистің әріптесі Дана Нұржігіт Instagram парақшасында жазба қалдырды.

– Бейсен достың анасы бақилық болыпты,ағайын!Жаңа естіп жатырмын.Жүрекке жасалған кезекті отаны көтере алмай… Ана-жүрек шыдамай ұлының қырқына жетпей «ботам-ау» деп баласының артынан кете барды… Алла алдыңыздан жарылқасын,апа! Бейсенмен қоштасқан күні Сізді алғашқы және соңғы рет көргенім екен… Бақұл болыңыз,алыпты туған асыл АНА! – деді Дана Нұржігіт.