Коронавирустан 44 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды

Коронавирус індетінен үш науқас көз жұмды. Шымкент қаласы — 1956 жылы туған ер адам, Павлодар облысы — 1935 жылы дүниеге келген әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласы — 1959 жылы туған ер адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан бойынша барлығы 44 адам қайтыс болды.