Тоқаев: Карантин өңірлерде біртіндеп алынады

Пандемия әлі де халықтың денсаулығына қауіп төндіріп тұрғандықтан, карантиндік шектеулер біртіндеп әрбір аймақта жағдайдың жақсаруына қарай алынады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысын өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап. 

«Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Тоқаев комиссияның бүгінгі отырысында.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының сөйлеген сөзі akorda.kz сайтында толығымен жарияланатынын жеткізді.

Айта кетейік, бас мемлекеттік санитар Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысы бойынша төтенше жағдай аяқталса да, бұқаралық және отбасылық шараларға тыйым салынған. Сондай-ақ, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер, көпшілік жиналатын басқа да нысандар жабық болады. Діни нысандар да әзірше ашылмайды.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу