«Сұмдық болып жатыр»: Түркістан облысына қарасты тағы бір ауданды су басып қалды (ВИДЕО)

Түркістан облысында тағы бір ауданды су басты. Төле би ауданының орталығы Леңгір қаласында нөсер жауын салдарынан өзен тасып, көшені лай су басып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

- Міне, Леңгір не боп жатыр?! Сұмдық болып жатыр. Машина батып кеткен. Біз бүйтіп несіне қарап тұрмыз? Кетіп қамасын-ау, кетіп қамасын!

Ағыны қатты таудың өзені лезде селге айналып, алдында кездескенді шайып өткен. Шұғыл құрылған штаб өкілдері Леңгір өзені арнасынан үш есеге дейін көтерілді деп отыр. Соның салдарынан 30-дан астам үйдің ауласын су басты. Сел шайып кеткен баспаналар да бар. Газ құбыры мен су жүйелерін де уақытша ажыратуға тура келген. Абырой болғанд, мал-жан аман. Селден құтқару және соңынан тазалау жұмыстары күндіз-түні жүргізіліп жатыр. Оған  300-ге жуық маман жұмылдырылып, аулаларға кірген суды сорғыздырып тазалауда. Нөсер жауынның зардабы әлі есептеліп біткен жоқ.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888