Home Гу-гу сөз Кенжебек Жанәбілов тікелей эфирде көз жасына ерік берді (видео)

Кенжебек Жанәбілов тікелей эфирде көз жасына ерік берді (видео)

«Музарт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Карантиндегі атқарған жұмысы мен отбасы туралы айтқан әнші тележүргізуші Аида Боранбайды жылатты.

Әнші 31 арнаға тікелей эфир арқылы сұхбат берді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 80 адам тіркелді

Кенжебек Жанәбілов келіншегі Жәмила екеуі бүгінде төрт баланың ата-анасы. Жанәбілов жақында төртінші рет әке атанды. Нәрестеге Әлиби деген есім қойды. Тұңғышының есімі – Ахмет, егіз қыздарының есімі Кәлима мен Кәрима.

«Карантинде кішкентайдың қылығына тоймай уақыттың қалай өтіп жатқанын білмей қалдық. Сырымтау деген азамат «Мейірімді жандар» деген қор құрып, қайырымдылықты қолға алды. Біз де үлесімізді қосып, «Музарт» тобы атынан 300 жәшік азық-түлік алдық. Осылайша қайырымды жандар карантин уақытында мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты», – деді әнші.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі 42 500 теңгені екінші рет кім алатынын айтты

Кенжебек Жанәбілов өнермен бірге отбасының да ауыртпалығын қатар алып келеді. Тұңғышының сынақпен өмірге келгенін жария еткен әнші ұлының әр жеңісіне қуанады.

«Үлкен ұлымыз Ахмет сынақпен келді. Құлағы естімейді. Біз оны апармаған жеріміз жоқ. Бірнеше рет шетелге бардық. Ақыры 6 жастан асқанда ота жасаттық. Осы аурудың қыр-сырын меңгеріп алғандықтан, «Ел назы» деген тегін орталық аштым. Оны өз қалтамнан төлеймін. Мақсатым – осындай балалалардың ата-аналарына дер кезінде қажетті ақпарат айтып, кеңес беру. Бізге кеңес беретін адам болған жоқ. Біз уақыт жоғалтып алдық. 6 жыл уақыттан кейін ота жасаттық. Осындай қателіктер жібермес үшін орталық жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта әкімдікпен бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқарамыз», – деді Кенжебек.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты жеңгенін хабарлады

Әнші тұңғышының бар ауыртпалығын көріп, күтіміне қараған жарына алғысын айтады.

«Тұңғышын туғанда мен көп уақыт сыртта жүрдім. Гастрольмен кеттім. Сол уақытта ұлымның қасында анасы болды. Қанша жылаған күндеріміз болды. Ұлым қанша ем алды. Біз осындай уақыттардан өттік», – деді ол.

Әнші тұңғышы жайлы айтып, көзіне жас алды.

«Жақында ұлым Ахмет кіші ұлым Әлибиге сөйлеп жатыр. «Қалайсың? Жақсысың ба?» деген сөздерді айта алады. Бір кезде менен «Әлібидің құлағына аппарат саласыздар ма? Менің құлағым естімейді. Әлібиге ондай болмайды» деп жатыр. Көзіме еріксіз жас келді. Ешбір балада, ешбір отбасында бұндай жағдай болмасын деп тілеймін», – деген әнші тікелей эфир кезінде жылады.

Бұл сәт Аида Боранбадың да жүрегін елжіретіп, еріксіз жылатты.

«Балаларыңыздың тек қызығын, рахатын көріңіздер. Бала-шағаңызға амандық, саулық тілеймін», – деді тележүргізуші.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here