3,5 жыл маньяктың тұтқынында болған бойжеткен басынан кешкен оқиғасын айтты

news full1588682036fe1ef0b9497d18a7f06fd7002dc8e2ac

16 жыл бұрын педофил Виктор Моховтың тұтқынынан босатылған Рязань қаласының тұрғыны Екатерина Мартынова өзінің өмірі туралы айтты.

2000 жылы 14 жастағы Мартынова мен 17 жастағы Елена Самохина дискотекаға барып, содан әрі жоғалып кетті. Қайтар жолда Мохов оларға шығарып салуға ұсыныс жасайды. Ол қыздарға ұйықтататын дәрі беріп, ұйықтап қалған соң екі қызды көрші қалаға алып кеткен. Ол жерде қыздарды 3,5 жыл бункерде ұстап, жыныстық зорлық-зомбылық жасаған.

Самохина маньяктан үш рет жүкті болды – оны Мартынов акушерлік оқулық бойынша бункерде екі рет босандырды. Үшінші бала олар бостандыққа шыққан соң шетінеп туды.

Онымен бірге бір үйде тұрған маньяктың анасы қыздар жайлы ешнәрсе білмейтінін айтып ақталды. Қыздарды ұлының таныс қыздары деп ойлаған.

Бойжеткендерді Моховтың пәтерін жалдап тұратын қыз құтқарып қалды. Ол екі қыз жазып берген хатты полицияға апарып берді. Жантүршігерлік оқиғаның беті ашылған соң, Мохов 17 жылға сотталды, бір жылдан кейін ол босатылады. Маньяктың серігі Елена Бадукина қыздарды ұрлауға көмектескені үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мартынова Мохов өзін кінәлі деп санайды және жасаған ісіне өкінеді дегенге сенбейді. «Сот отырысында ол өзінің сонша жылға сотталғанына қатты таңғалды, өзінің адам өлтірмегенін айтты», – деп келтіреді ақпарат көзі жәбірленушінің сөзін

Мартынованың айтуынша, маньяк 2017 жылы болған оқиғалар туралы кітабын оқығаннан кейін оған хабарласқан. Ол Мартынованың жазғандарының бәрі шындыққа жанаспайтынын айтып, бостандыққа шыққаннан кейін нақты оқиғаның қалай болғанын айтып беруге уәде берген.

Қазір Мартынова тұрмыста, екі баласы бар. Самохина журналистермен сөйлесуден бас тартады. Мартынова оның тұрмысқа шығып, ажырасып кеткенін, қазір азаматтық некеде тұрып жатқанын айтты. Ағылшын тілін үйретеді. Маньяктан туған балаларды өзгелер асырап алған, оларды Самохина ешқашан көрмепті.

Мартынова қиын жағдайға тап болған адамдарға қандай жағдай болмасын, мықты болуға кеңес береді. «Себебі сізге көмектесетін бірінші адам ​​ол – өзіңіз», – деп қосты ол.