«Басымды дуалап алды»: Қайрат Нұртас анасына Жұлдыз туралы не айтқан

b6e8f2a8aac38a3a

Қайрат Нұртас анасына Жұлдыз туралы не айтқан

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас жары екеуінің махаббат хикаясына қатысты ел білмейтін сырларымен бөлісті. Өнер иесі алғашқыда Жұлдыз Әбдікәрімова басын дуалап алған деп ойлаған болып шықты. Ол тіпті бұл туралы анасына айтып, одан көмек сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат пен Жұлдыздың арасында болған қызық оқиға жайында «Дастархан шоу» бағдарламасында белгілі болды. Хитменнің анасы ұлы өзіне келіп, ғашығы туралы адам сенгісіз жайтты айтып бергенде қатты таңғалғанын жасырмады.

Оқиға Қайрат Нұртастың «Арман» атты әніне бейнебаян түсірілгелі жатқан кезде өрбіген. Қос ғашық клип таспаланар алдында қатты ұрысып қалған.

«Ол кезде Қайрат хит болып жатқан. Артынан жүгіретін қыздары көп. Мен Жұлдызды көріп алғам. Одан басқасын елестете алмаймын. Басқа ешқайсысы ұнамайды. Бір күні Қайрат екеуі ұрысып қалған. Ұлым сол кезде маған келіп «Мама ана қыз менің басымды дуалап тастаған. Қаншама әдемі қыздар жүр, қарайын десес миыма қалады да тұрады. Дуасын оқып, қайта ашып беріңізші» деген болатын. Ол кезде мен оған бұл махаббат екенін түсіндірдім. Ойыңнан да, жүрегіңнен де кетпейді дегенсін» , – деді Гүлзира Айдарбекова.

Аталмыш бағдарламаның Қайрат Нұртасқа арналған шығарылымының толық нұсқасы әзірге Youtube желісіне шыққан жоқ. Алайда, Instagram желісіндегі zhuldyzdy_otbasy парақшасында видео үзінділері жарияланып қойған.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова карантин кезіндегі зорлық-зомбылық туралы айтқан болатын.