Найзағай ойнап, бұршақ жауады

6ba4bfaa534782cdd776881df3cb8c4f 696x425 1

Найзағай ойнап, бұршақ жауады

30 сәуірде Қазақстанның көп өңірінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын толассыз түседі. Өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

“Қазгидромет” кәсіпорнының хабарлауынша, сәуірдің соңғы күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерде тұман түседі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрады, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін. Нұр-Сұлтанда да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшуі мүмкін.

Жамбыл облысында кей жерде бұршақ жауады.

Түркістан облысында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, дауыл тұрады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте де найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Павлодар облысында найзағай ойнайды.