Бүгін бес облыста дауылды ескерту жарияланды

5ea783d34e401077096567
28 сәуірде Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«28 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, тұман, найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 28 сәуірде найзағай, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Көкшетау қ.: 28 сәуірде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі», – делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 85-90%.

«28 сәуірде Карағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 28 сәуірде күндіз найзағай, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 28 сәуірде найзағай күтіледі. Күндіз жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», – деп атап өтті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 80-85%.

«28 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел шығыстан батысқа, солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі», – делінген ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 95-100%.

«28 сәуірде Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, тұман түседі. Батыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Қостанайда 28 сәуірде түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», – деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

«28 сәуірде Түркістан облысында күндіз кей жерлерде күшті жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел тұрады. Шымкентте 28 сәуірде күннің екінші жартысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады. Түркістанда 28 сәуірде ертеңгісін және күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жел тұрады», – делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95 %.