Мамин карантин режиміне қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты

13026896

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда, Қазақстанның басқа өңірлерінде карантиндік режим жеңілдетіліп, кәсіпорындар жұмысын бастайды. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Премьер-министр 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі жеңілдетілгенін еске салды.

«Санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, экономиканың бірқатар саласындағы кәсіпорындар жұмысын бастады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік режимге өзгерістер енгізу және біртіндеп жеңілдету бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», – деді деді Мамин үкімет отырысында.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, басқа да кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беріледі.

«Мұндай жұмыс елдің басқа да өңірлерінде де жүргізіледі. Дегенмен бұл санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталған жағдайда ғана мүмкін болады», – деді премьер-министр.