Шымкентте тағы 3 адамнан коронавирус расталды

2020042018153216271 2020041613501414109 depositphotos 155281

Шымкентте тағы 3 адамнан коронавирус расталды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат. (20.04.2020 ж. 17:40-тағы мәлімет бойынша)

Ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

20.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 83 адам анықталды.