19 адам қайтыс болды: Қазақстанда тағы 18 адамнан коронавирус анықталды

13742130

Қазақстанда тағы 18 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 428 адам коронавирустан жазылды, 19 адам індеттен қайтыс болды

Қазақстанда тағы 18 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«Алматы қаласында – 14 адам, Шымкент қаласында – 3, Қостанай облысында бір адамнан коронавирус анықталды», – делінген ақпаратта.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда инфекция жұқтырғандардың саны 1 775 адамға жетті.

  • Алматы қаласы – 549
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 383
  • Қызылорда облысы – 149
  • Қарағанды облысы – 93
  • Шымкент қаласы – 83
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • БҚО – 63
  • Жамбыл облысы – 61
  • Түркістан облысы – 60
  • Алматы облысы – 44
  • СҚО – 30
  • Павлодар облысы – 30
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Қостанай облысы – 21
  • Маңғыстау облысы – 12
  • ШҚО – 8.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 428 адам аурудан жазылды. 19 адам індеттен қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласы – 2, Алматы қаласы – 5, Шымкент қаласы – 3,Ақмола облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Қостанайоблысы – 1, Павлодар облысы – 1, Түркістан облысы – 1.