«Бұл – барлығы үшін тиімді»: Путинның КСРО-ның қайта жаңғыруы туралы пікірі

news full1587355715e1c842f161f3734fc486e86c1df3de9b

Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің күш-жігерін біріктіру өткеннің фобиясы мен КСРО-ның қайта жандануына қатысты қорқынышқа қарамастан бәріне пайда әкеледі. Ресей президенті Владимир Путин «Россия 1» арнасындағы «Мәскеу. Кремль. Путин» бағдарламасына берген қысқа сұхбатында осындай пікірді айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вести басылымының жазуынша, сұхбатты Путин 2019 жылы 1 қазанда Ереванда берген, алайда бұл мәлімдеме эфирден осы жолы алғаш рет естілді.

«Өткеннің қандай да бір фобиясын еңсере отырып, Кеңес Одағы мен кеңес империясының қайта жандануы туралы қорқынышты еңсере отырып, күш-жігерді барлығының пайдасына біріктіруді түсіну сөзсіз өз жолына жетеді. Осы артықшылықтарды сезіну арқылы, ал бұл артықшылықтарды осы үдерістің барлық қатысушы сезінеді, біз одан әрі жылжып, жаңа қадамдар жасап, алға қарай жүреміз», – деп мәлімдеді Владимир Путин.

Путин «мүмкін болған жердің бәрінде», елдер бірігу есебінен өзінің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыратынын және бұрынғы КСРО республикалары үшін бұл «мүлдем табиғи іс» екенін атап өтті.

«Бізде ортақ тіл, ұлтаралық, мемлекетаралық қарым-қатынас бар. Барлық елдерде орыс тілінде еркін сөйлейді. Бұл үлкен артықшылық. Бізде бір елден жеткізілетін көлік, энергетика, байланыс инфрақұрылымы жалпыға ортақ. Бұл интеграцияның тағы бір үлкен артықшылығы», – деп түсіндірді Ресей президенті.

«Кейбір батыстық әріптестерінің қарсылығы» туралы айтқан Путин олардың бәсекелестіктен қорқатынын мәлімдеді.

«Олар өз бәсекелестерінің мүмкіндіктерін арттырғысы келмейді. Бірақ біз мұны қаламаймыз, өйткені бұл – біздің адамдардың әл-ауқатын арттыруға жол. Сондықтан бұл жерде таңқаларлық ештеңе жоқ, сонымен қатар, біз осы жолда өзіміз істей алатындай және одан да тиімді бола алатынымыздай ілгерілеген жоқпыз»», – деді ол.

«Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) қалай көргіңіз келеді?» – деген сұраққа Путин «идеалды заттар мүлдем болмайды, соның ішінде мемлекетаралық қарым-қатынаста», – деп атап өтті. Ол қабылданған шешімдерге әрдайым ымыраға келу арқылы қол жеткізілетінін түсіндірді.

«Ымыраласу – бұл біреудің біреуге бір нәрседен жол беруі, және бір қарағанда мінсіз жағдай жоқ болып көренеді. Дегенмен, біз құрған қатынастар жүйесі бұл ымыраға жетуге мүмкіндік беретінінің өзі керемет. Менің ойымша, бұл – қысымның, қолды бұрудың жолымен жүрмеуіміздің нәтижесі. Ал бұл ымыраға ерікті түрде қол жеткізгенде, олар әлі де орындалып, осындай нақты жұмыс істейтін құралдарға айналады», – деді Путин.

Айта кетейік, Қазақстан билігі елдің тәуелсіздігін ешкімге бермейтінін бірнеше рет атап өткен.

«Біздің саяси тәуелсіздігімізге келер болсақ, бұл константа және Қазақстан ешкімге егемендігін бермейді», – деген елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.