33 градус ыстық – Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

10348281

«Қазгидромет»» синоптиктері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде тұман болады.

Sputnik. «Қазгидромет»» синоптиктері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде тұман болады.

«Батыс және солтүстік-батыс аймақтары атлантикалық циклонның ықпалында болады, мұнда найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы солтүстікте плюс 20-28  градус, ал оңтүстікте 25-33 градус ыстық», – деп хабарлады синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы

18 сәуір күні астанада күндіз +19, түнде 4 градус жылы. Күн ашық болады.

Алматыда да астанадағыдай +19 градус шамасында болады. Түнде +8 градус.

Шымкентте 18 сәуір күні 21 градус жылы, түнде +8.

Жексенбі күні елордада күндіз 20 градус нөлден жоғары, түнде +5. Көшпелі бұлт.

19 сәуірде Алматыда +19 градус жылы, күн ашық, түнде +10.

Ал Шымкентте +23 градус, күн ашық. Түнде шамамен 10 градус жылы болады.

20 сәуір күні астанада +23 градус жылы, түнде +7 күн ашық.

Дүйсенбі күні де ауа райы алматылықтарды қуантады. Күндіз +20 градус нөлден жоғары. Түнде +11 шамасында.

Бұл күні Шымкентте +24 градус жылы, күн ашық, түнде +9