Сағынтаев карантиннен кейін балабақша, мектеп және ЖОО-лар қалай жұмыс істейтінін айтты

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы балабақша, мектеп және жоғары оқу орындары карантиннен кейін жұмысын қалай жалғастыратынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің сөзінше, қаланың әлеуметтік саласы карантиннен кейін кезең-кезеңмен жұмыс істей бастайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мамыр айының ортасынан бастап кезең-кезеңмен ашылады. Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау керек дейді.

“Орта білім жүйесі төртінші тоқсанды қашықтан аяқтауға дайындалады. Жоғары оқу орындары Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығына сәйкес қосылады”, – деді Сағынтаев БАҚ өкілдерімен онлайн-кездесуде.

Бұған дейін Сағынтаев Алматыдағы мәдени-бұқаралық шаралар мамыр айының соңына дейін өткізілмейтінін хабарлаған болатын. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жылдың екінші жартысында шаралар қалай өтетінін жариялауды тапсырды.

Бүгінгі жаңалықтар