Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 15-ші адам көз жұмды

13617491 1

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 15-ші адам көз жұмды

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1267 адамға жетті, 203 науқас сауықты

АЛМАТЫ, 15 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында бір адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Коронавирус инфекциясынан Қостанай облысында 1 адам көз жұмды. Науқас 1945 жылы туған азамат», – делінген ақпаратта.

Осылайша Қазақстанда коронавирус індетінен 15 адам қайтыс болды: Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам, Алматы қаласында 2 адам, Шымкентте 2 адам, Ақмола облысында 4 адам, Шығыс Қазақстанда облысында 1 адам, Қарағанды облысында 1 адам, Қостанай облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам, Түркістан облысында 1 адам.

Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1267 адамға жетті. 203 адам сауығып шықты.

© Дереккөзі