14 адам қайтыс болды: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы да артты

5e968c62970ec297516426

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тағы да артты, деп хабарлайды Сoronavirus2020.kz

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуірдің 10:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: індет жұқтырған тағы 6 адам Алматы қаласында тіркелді. ⠀

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 291 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында – 80 адам, Ақмола облысында – 79 адам, Атырау облысында – 70 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 24 адам, Ақтөбе облысында – 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 11 адам, Маңғыстау облысында – 11 адам, Қызылорда облысында – 124 адам, Батыс Қазақстан облысында – 18 адам, Түркістан облысында – 49 адам, Қостанай облысында – 5 адам, жалпы 1267 науқас тіркелді», – делінген ресми хабарламада.

Жалпы еліміз бойынша 203 адам коронавирустан жазылық шыққан, ал 14 адам қайтыс болды.