Бірден 112 адам коронавирус індетін жұқтырған

13673653

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тағы 112 адам коронавирус індетін жұқтырған, оның 99-ы Алматыда тіркелді   

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 112 адам тiркелді, оның көбісі Алматы қаласында – 99 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 1 адам, Атырау облысында – 3 адам.

Соңғы мәлімет бойынша елімізде 1091 адам індетке шалдыққан:  

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 260,
  • Алматы қаласы – 271,
  • Шымкент қаласы – 38,
  • Ақмола облысы – 73,
  • Ақтөбе облысы – 11,
  • Алматы облысы – 22,
  • Атырау облысы – 62,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8,
  • Жамбыл облысы – 46,
  • Батыс Қазақстан облысы – 11,
  • Қарағанды облысы – 77,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Қызылорда облысы – 119,
  • Маңғыстау облысы – 10,
  • Павлодар облысы – 10,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
  • Түркістан облысы – 44.

Індеттен 12 адам қайтыс болып, 138 адам жазылып шықты.