Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Рұқсат тек қаланың өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін беріледі.

Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады.

Ал Нұр-Султанда 13 сәуір күні Төтенше жағлайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Отырыста жұмысын қайта бастай алатын кәсіпорындардың нақты тізімі қаралады.

Нұр-Султанда кәсіпорын қызметі біртіндеп жаңартылады. Алайда жұмысын қайта бастайтын нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті болады.

Бүгінгі жаңалықтар