Алматыда коронавирустық инфекцияның 15 жағдайы анықталды

news full1586409044aa0992d070a80755cac48f32b6dc7e83

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 16 адам тiркелді,  Алматы қаласында – 15 адам,  Батыс- Қазақстан облысында – 1 адам, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәліметтерге сәйкес, оңтүстік астанада Орталық клиникалық аурухананың қызметкерлері арасында вирус жұқтырғандар саны көбейген, тағы бірнеше медбикеден коронавирус анықталды.

Еске салайық, кеше Алматыда жедел медициналық жәрдем бөлмесі мен Орталық қалалық клиникалық аурухананың бір бөлімі карантинге жабылды. Онда коронавирус жұқтырған 12 медицина қызметкерлер анықталған болатын.

Осы сағатта елімізде жалпы 927 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 249 адам,

Алматы қаласында – 160 адам,

Қарағанды облысында – 65 адам,

Ақмола облысында – 71 адам,

Атырау облысында – 59 адам,

Жамбыл облысында – 46 адам,

Шымкент қаласында – 38 адам,

Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам,

Алматы облысында – 12 адам,

Ақтөбе облысында – 11 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам,

Павлодар облысында – 10 адам,

Маңғыстау облысында – 10 адам,

Қызылорда облысында – 117 адам,

Батыс Қазақстан облысында – 9 адам,

Түркістан облысында – 36 адам,

Қостанай облысында – 3 адам.