Тараздан тағы шу шықты «Целлофан киіп алған «дәрігерлер» видеоға түсіп қалған»

2020040916171484598 2020040913313677078 snimok

Видеоның өзі Тараз қаласында 2020 жылдың 8 сәуірінде сағат 12: 20 уақытында түсірілген. Оны желіге орналастырған адам жағдайды мүлде білмеген, ол сырттан оны түсіріп, өзінің долбарымен тарата салған.

Желіде целлофандарды жапсырмамен қыстырып, қорғаныс кәстөмін қолдан жасап, киіп алған адамдардың видеосы тарап жатыр. Оны елдің бәрі дәрігерлер деп ойлаған. Бірақ ол олай болмай шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

«Онкологиялық аурухана біздің… Байғұстар-ай… Қалай, мына қорғаныс киімдері..», – дейді видео сыртындағы дауыс.

Оқи отырыңыз: Министрлікті тік тұрғызған Толқынайдың басына бұлт үйірілді

«Міне, көріңіздер, біздің Қазақстанда дәрігерлердің қорғаныс кәстөмін қалай өздері дайындайтынын. Біздің дәрігерлер өз қорғанысын өздері қамтамасыз етеді осылай: қоқысқа, тамаққа арналған пакеттерден, жапсырмамен жапсырып», делінеді видеоға берілген түсініктемеде.

Жамбыл облысы әкімдігі бұл видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Желіде целлофандарды жапсырмамен қыстырып, қорғаныс кәстөмін қолдан жасап, киіп алған адамдардың видеосы тарап жатыр, соған қатысты түсініктеме бере кетейін. Видеодағы «Амазонка» деп аталатын қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды қолдау жөніндегі үкіметтік емес ұйымының қызметкерлері. Олардың мемлекеттік медициналық мекемелермен ешқандай байланысы жоқ. Осы қордың директоры Анжелика Сарьян ұзақ жылдар бойы қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көмектесіп келеді, оңай шаруа емес, әрине және өзім де оны танимын, менімен байланысқа шықты. Анжелика Грантовна видео авторының әрекетінен қатты ренжулі және одан оны жоққа шығаруды сұрайды, өйткені оның әлеуметтік желіде өз парақшасы жоқ. Журналистер үшін айта кетейін, Анжелика Сарьян БАҚ-қа түсінік бергісі келмейді, сондықтан бұл арада қордың байланыс ақпараты алынып тасталды», – деп жазды Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Күлшманов facebook-те.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Тем временем мы позоримся на весь Мир. ⠀ На иностранных информационных ресурсах распространяется видео с текстом: ⠀ «Посмотрите как врачи в Казахстане, сами изготавливают защитные костюмы.» ⠀ Наши врачи сами делают себе защиту из мусорных мешков, пакетов и пищевой плёнки и скотча. ⠀ Ах*ть, просто! ⠀ ➡️Видео можете скачать в нашем телеграм канале на SHOCK KRG ⠀ Источник: t.me/worldprotest ⠀ #karaganda #Kazakhstan #krg #shock_krg #Балхаш #Жезказган #Шахтинск #крг #Казахстан #Караганда #вкараганде #этокараганда #vkaragande #Сарань #Пришахтинск #Майкудук #Сортировка #Темиртау #Актас #Абай #Шахан #Сатпаев #алматы #астана #Менояндым #отправдынеубежишь #adilsailayushin #уменяестьвыбор

Публикация от Караганда – shock_krg (@shock_krg)

Анжелика Сарьянның хатында мынандай жайттар көрсетілген:

Құрметті желі қолданушылары, жалған ақпараттағы бұл видео қазір бірқатар сайттар арқылы тарап жатыр. Видеоның өзі Тараз қаласында 2020 жылдың 8 сәуірінде сағат 12: 20 уақытында түсірілген. Оны орналастырған адам жағдайды мүлде білмеген, ол сырттан оны түсіріп, өзінің долбарымен тарата салған. Біз, негізінен терминалды сатыдағы қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастарға қызмет көрсететін қоғамдық ұйымбыз. Біз үйге арналған әртүрлі қызметтерді ұсынамыз. Бізде білікті қызметкерлермен қамтылған мобильді топтар бар. Біздің ұйымға нешетүрлі көмек сұраған өтініштер келіп түседі. Біз ашық ұйымбыз және әрқашан барлығына көмектесуге тырысамыз, егер біздің ұстанымдарымызға қайшы келмесе, әсіресе бұл біздің жұмыс бағытымызға қатысты болса.

Бұл жолы ешқандай туысқаны жоқ, жағдайы ауыр науқасты көріп кету үшін шақырған болатын. Біз діттеген жерге жетіп, жағдайдан қаныққан соң тура сол арада өз-өзіміздің қорғанысымызды қамсыздандыру керектігін түсіндік. Қазір жағдай қиын, әсіресе қазір әлемнің барлық жерінде карантин, COVID-19 вирусы шарлап жүр, осыған байланысты бізде де ережелер бар, көрсететін қызметтерге қатысты белгілі бір шектеулер енгізілген. Біз коронавирусқа күдік келтірілген науқастарға немесе осындай диагнозы бар емделушілерге бармайтынымызды түсіндіреміз.

Әрине, ауыр халде жатқан науқасты сол арада тастап кете алмады, оны қарау үшін тез арада әрекет етуіміз керек еді. Медициналық бір рет қолданылатын қолғаптардан, бас киімнен, маскалардан, аяқ киімдерден басқа біз қолға тиген басқа құралдарды да қолдандық, яғни мобильді топ келген машинада сол кезде не болды, соның барлығы пайдаланылды, соның ішінде бір рет пайдаланылатын целлофан пакеттер, скотч, қайшы – бәрі-бәрі. Осылайша ұйым қызметкерлері өздерін қорғауға шешім қабылдады. Видеоны түсірген адам осындай қысылтаяң жағдайды пайдаланып, оны жалған ақпаратпен желіге орналастырған. Біз барлығына ескерту жасағымыз келеді, қазір жалған ақпарат үшін заңда қатаң жаза қарастырылған.