ЖАС АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БӨГЕТ БОЛМАҒАН ЖҰЛДЫЗДЫ ОТБАСЫЛАР

2020 04 09 16 15 01

«Махаббат жасқа қарамайды» деп жатады. Бүгінде жас айырмашылығы және өзге ұлт өкілі болғанына қарамай, шаңырақ көтергендер баршылық. Осылайша олар бақытты отбасылардың қатарын көбейтіп отыр. Жас  айырмашылықтарына қарамай, махаббаттарының беріктігімен дәлелдеп жүрген жұлдыздар туралы сөз етеміз./newsroom.kz/

1.Нұрғали Нүсіпжанов және Жадыра Сейдеш, 45 жас

Былтыр Қазақстанға танымал тұлға Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші  журналист Жадыра Сейдешке үйленіп, елді дүр сілкіндірген болатын. Ол кісіні құрмет тұтатын жандар ақ тілегін жаудырса, кейбір адамдар қазыналы қария шағына жеткенде қылық көрсетті деп кейіді. Тойында ақ көйлек киген қалыңдық «ұлы тұлғаның артынан ұрпақ қалдыруын армандайтынын» айтқан болатын. Халық әртісінің бұл үшінші некесі. Алдыңғы некеден бес баласы бар екені ғана мәлім.

2.Асанәлі Әшімов пен жары Бағдат, 34 жас

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов үйленгенге дейін, бұл тізімнің алғашқысы болып Асанәлі ағамыз көш бастайтын. Халықтың сүйікті актерінің тағдыры оңайға соқпағаны рас. Алдымен жарынан, одан кейін екі ұлынан айырылған Асанәлі ағамыздың қайғысына ортақ болып, өмірге қайта әкелген Бағдат апайымыз. Абыз актер өзінің медбикесі Бағдатқа үйленеді. Бұл актердің төртінші некесі. 2008 жылы 70 ке қараған шағында Асанәлі атты ат ұстары дүниеге келеді. Бүгінде олардан бес немере мен екі шөбере сүйіп отыр.

3.Серікбай Нұрғисаев пен Гүлнұр Оразымбетова, 21 жас

Әнші Гүлнұр Оразымбетова 19 жасында өзінен 21 жас үлкен шенеунікке күйеуге шыққан болатын. Күйеуі бір кездері Қызылорда облысының әкімі, мәжіліс депутаты қызметтерін атқарған. Бүгінде бұл отбасы екі ұл тірбиелеп отыр. Әнші кейбір сұхбаттарында жарына қыз сыйлағысы келетінін айтқан.

4.Сәбит Әбдіхалықов пен Динара Абдуллина, 16 жас

Актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың бұл үшінші некесі. Алғашқы жары танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева болатын. Екеуінің бір ұлы бар. Кейіннен Сәбит Алтынай Жорабаевамен шаңырақ көтеріп, үлгілі отбасылар қатарында болып келген. Төрт ханшайымның әкесі атанған ол белгісіз себептермен ажырасқан болатын. Әбдіхалықовтың бұл жолғы таңдауы жас актриса Динара Абдуллинаға түскен. Ол осы күнге дейін көптеген отандық телехикаяларға түсіп, бірнеше басты рөлдерді сомдап үлгерген жас актриса.

5.Нұрлан Әлімжанов пен екінші жары Жұлдызай, 13 жасі

Мәжіліс депутаты, «Елбасы жолы» киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған актер Нұрлан Әлімжановтың екінші некесі. Ол бұған дейін жеке өмірі туралы ашып айтпайтын. Өзі сүйіп қосылған жары Жансая екі ұл мен бір қызды сыйлаған болатын. Бүгінде Нұрлан Әлімжанов тағы да әке атанып отыр.

6.Мадина Сәдуақасова жолдасы Олжас Смағұлов, 6 жас

Еліміздің сүйікті әншісі Мәдинаның алғашқы некесі туралы өте аз мәлімет болатын. Әнші оның кім екенін айтпайтын. Тек бір белгілісі, бір жарым жыл уақыт бірге тұрып, 2008 жылы ресми ажырасып кеткен. 2014 жылы Мәдина тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасайды. Бүгінде бұл отбасы Әнуар есімді ұл тәрбиелеп отыр.