Мәдина Сәдуақасова күйеуі жайлы: Мен танымай тұрғанда ол менің қасымда жүрген екен

news full1586345274683b5accceb1be7aeb23a355d84d57b8

Сыңғырлаған даусымен, сүйкімді келбетімен көрерменін баураған Мәдина Сәдуақасова жұбайы жайлы айтып көпшілікті қызықтырып қойды. Бірге жүрсе де сөйлеспеген адаммен бас қосқанын тағдырға балайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қылықты әнші өткенді еске алып, естелігін бөлісті. Тұрмыс құрмай тұрған кезінде жолдасымен үнемі бірге жүрген екен. Алайда мұны әншінің өзі білмеген сыңайлы. Бұған архивтегі суреттері дәлел.

«12 жыл бұрынғы түсірілімнен. “ Таң қалдырған хиқая” Есіңізде болар?! Бірақ, әңгіме ода емес. Барлық суреттерде кімді байқап тұрсыздар?Тура осы сәтте оны танымаймын, байқамаймын да, 2009 да “таныстық” , ал 6 жылдан кейін қасымыздағы кісілер үйлену тойымызға келді. Ол үнемі менің қасымда жүрген. Бұл тағдыр», – деп жазды әнші парақшасында.

Желі қолданушылары да бұл көрініске таңғалысты.

«Сізді шын сүйген ғой. Тағдырдан қашып құтыла алмайсың», «Құдайдың құдіретінде шек жоқ», «Сіздерге қызыға қараймын. Ұзағынан болсын! Бақытты болыңыздар. Үлгілі отбасысыздар», – деп жазады олар.

Мәдина Сәдуақасова күйеуі жайлы: Мен танымай тұрғанда ол менің қасымда жүрген екен

Мәдина Сәдуақасова 2014 жылы қаңтар айында Олжас Смағұловқа тұрмысқа шықты. Осы жылдың жазында ұлы өмірге келді. Бүгінде сүйікті жар, аяулы ана.