Есін жоғалтқан қазақ қызы Оңтүстік Корея әуежайында жүр

58fa3a3d7caceeff0be4dfed4814c863

Facebook қолданушысы Елена Просянникова Оңтүстік Корея әуежайында есін жоғалтқан қазақстандық қызды жолықтырғанын жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 9 сәуірде Facebook-те Инчхон әуежайында есімін білмейтін Қазақстанның қызы жүргені туралы ақпарат қылаң берді.

– Әуежайда жиналып тұрған орыстарға бір қыз келіп жағдайын айтты. Ол есін жоғалтып, өзі туралы ештеңе айта алмайды. Аты кім екенін, қай жерде жұмыс істегенін немесе студент пе, ол жағын білмейді. Үсті-басы таза, қаңғыбас емес секілді. Мүмкін оны немесе туыстарын танитындар бар шығар? Хабарласыңыздар, – деп жазды Елена Просянникова.

Жазба жанына қазақстандық қыздың төлқұжаттының суреті де қоса жүктеліпті. Онда қыз 1998 жылы туған Гүлмира Сафидин деп көрсетілген. Редакция Сыртқы істер министрлігіне осыған қатысты түсініктеме беруді сұрады.

© Oinet.kz