759-ҒА ЖЕТТІ: ҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ 32 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

2020 04 09 10 56 57

9 сәуірдің 10:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 32 адам тiркелді.

Ақмола облысында – 13 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Қызылорда облысында – 7 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Атырау облысында – 3 адам, Қарағанды облысында – 2 адам, Шымкент қаласында 4 адам кеселге шалдыққан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 120 адам, Қарағанды облысында – 57 адам, Ақмола облысында – 56 адам, Атырау облысы – 39 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 27 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 6 адам, Қызылорда облысында – 92 адам, Батыс Қазақстан облысында – 4 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 759 науқас тіркелді.