БІР ТӘУЛІКТЕ КОРОНАВИРУСТАН 1 736 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛҒАН

2020 04 08 13 08 07

АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 1 736 адам қайтыс болған, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Tengrinewsюля сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бүгінде АҚШ-та 398 785 адам коронавирус жұқтырған, олардың 12 893-і қайтыс болған. 22 мыңнан аса науқас жазылып шыққан екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша 1,28 миллион адам коронавирус жұқтырып, 72 мыңнан аса адам қайтыс болған.