Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды

2020 04 07 12 27 13

Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қостанай облысында жаңбыр мен қар жауып, жел соққан. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен. Синоптиктердің мәліметінше, жылы және салқын ауа массаларының соқтығысуына байланысты өңірде ауа райы бұзылған.

Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, облыста қар әлі де жалғасады.

Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды

Карантиннің алғашқы күні Ақтөбеде де қар жауған. 7 сәуірге қараған түні ауа райы бұзылған. Сондай-ақ, таяуда қалада жауын-шашын жауып, ауа температурасы төмендегені айтылады.

Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды

Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында да қар жауғаны айтылады.