Видеоға түсірді: Коронавирус жұқтырған медбике қалай қиналып жатқанын көрсетті

7463625

Ол Covıd-19 кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтты. Тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді.

Sputnik. АҚШ-тың Галлатин қаласындағы оңалту орталығының медбикесі ауруханада видео түсірді. Ол өзінің жағдайын айтып берді.

Шарека Уильямс Covıd-19 пневмониясы кесірінен тыныс алуға қиналып жатқанын айтады.

«Маған ешқашан оқ тиген емес. Алайда мына дерт оқ тигеннен де жаман деп ойлаймын. Өте қатты қиналып жатырмын», – деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол коронавирус салдарынан тамақ ішіп, қозғалудың өзі қиын екенін жеткізді. Медбике адамдарды сақтану шараларына бейжай қарамауға шақырды.

«Бұл дерт сізге, жақындарыңыз бен отбасыңызға жеткенін күтпеңіз. Сақтаныңыз», – деп жазды ол.

Әлемде 1 273 990 адамда коронавирус тіркелді. 69 400 адам көз жұмды. Қазақстанда бұл індетке 584 адам шалдығып, алтауы қайтыс болды.