Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген.

Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін созылады. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуды және азаматтың жұмысқа шығуын қоспағанда, тұрғындардың үйден шығуы шектеледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Сонымен қатар, облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Ал қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді», — делінген баспасөз хабарламасында.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 09:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленді.

Қоғамдық тамақтанудың барлық нүктелері онлайн тапсырыстарды жеткізу режимінде таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейінгі уақыт аралығындағы жұмысқа көшеді.

Екінші деңгейлі банктер, жеке нотариустар 10:00-ден 16:00-ге дейін, ал сұлулық салондары, шеберханалар мен ТЖС 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеулі.

Пошта бөлімшелері мен төлем пункттерінде және банктерде 1,5-тен 2 метрге дейінгі қашықтықта бес адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу