«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

5e886a6f6b143193807337

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді.Бүгін оның құрылысы басталған алаңда болдым. Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады. Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде, 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады.

Мұндай госпитальды салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданды. Бұл – індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша, біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз», – деді Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда жұмыссыз апта уақыты 13 сәуірге дейін ұзартылды. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 525, жазылып шыққандар – 36, қайтыс болғаны – 5 адам.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

04.04.2020 Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді. Бүгін оның құрылысы басталған алаңда болдым. Бұл госпиталь коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналады. Тез салынатын модульды құрылыс жабдығынан бой көтеретін карантин орталығы 280 адамға есептелген. Соның ішінде 28-і қарқынды терапия бөлімшесіне арналады. Мұндай госпитальды салу туралы шешім вирус пандемиясына тап болған басқа елдердің тәжірибесі әрі мамандардың ұсынысы негізінде қабылданды. Бұл — індетті дер кезінде анықтап, оны оқшаулауға және індетті жұқтырушыны емдеуге мүмкіндік береді. Осылайша біз аурудың таралу қаупін айтарлықтай төмендетіп, қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыра аламыз. —— В Алматы будет построен новый карантинный центр. Сегодня посетил площадку, где началось его строительство. Госпиталь предназначен для контактных и лиц с подозрением на заражение коронавирусной инфекцией. Центр из быстровозводимых модульных конструкций рассчитан на 280 мест, в том числе 28 — для отделения интенсивной терапии. Решение о строительстве госпиталя принято, исходя из рекомендаций специалистов и опыта других стран, столкнувшихся с пандемией вируса. Это позволит нам своевременно выявлять, изолировать и лечить инфицированных. Таким образом, мы сможем значительно снизить риск распространения болезни и стабилизировать эпидемиологическую ситуацию в городе.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)