Тоқаев Намаевты қызметінен босатты

2020 04 04 17 53 57

Бақытжан Намаев бұл қызметте бір жылдан аз уақыт қана болды. Президент өкімімен қызметінен босатылды.

Sputnik. Бақытжан Намаев президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Бахытжан Билялұлы Намаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды», – деп хабарлайды Ақорда сайты.

Өткен жылдың 2 сәуірінде Намаев Қызылорда әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Ол өңірдегі агроөнеркәсіп кешені мәселелерін шешуге жауапты еді. Алайда бұл лауазымда 21 күн ғана болып, президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.