Солтүстік Қазақстан облысында бір түнде коронавирус жұқтырған жеті науқас тіркелді, олардың алтауы Петропавлда, біреуі Қызылжар ауданында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы СҚО-ның тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департамент басшысының орынбасары Татьяна Горлова мәлңмдеді.
Айтуынша, науқастардың барлығы – коронавирусқа шалдыққан баламен байланыста болғандар. Қазір олар басқаларынан оқшауланып, ем қабылдауда.
“Сынама нәтижелері таңғы сағат төрт-бестер шамасында шықты. Бір нәрсені кесіп айтуға болмайды. Барлығы карантинге жатқызылды. Олардың үйлері залалсыздандырылып, науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Эпидемиалогиялық тексеріс жүргізілуде. Бүгін науқастардың сырқаттанғанына қол жеткізу үшін тағы бір сынама жасалады”, – деді басқарма басшысының орынбасары.
4 сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен.