Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

news full1585983667d74e5aaf126328c8a80ba8ce6fd7ce20

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 525 адамға жетті. 5 адам қайтыс болып, 36 адам емделіп шықты.

Sputnik. Ақмола облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ індетті жұқтырған тағы 25 адам тiркелдi.

«Қызылорда облысында – 2 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 14 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Алматы облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Алматы қаласында – 1 адам», – делінген хабарламада.

Осылайша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 525 адамға жетті.

Айта кетейік, бұл коронавирус індетінен көз жұмған Қазақстандағы бесінші науқас. Бүгін таңертең Түркістан облысында тағы бір науқас қайтыс болған еді. Осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласында 1, Ақмола облысында 1 және Қарағанды облысында 1 қайғылы жағдай тіркелген.