Ақтауда қайырымдылық жасамақшы болған кәсіпкер бес күнге қамалды

news full158593334588727171927baf3df3a07a0596c40afe

Ақтауда мұқтаж жандарға азық-түлік таратпақшы болған кәсіпкер түрмеден бір-ақ шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Тегін азық-түлікке қол жеткізгісі келген жұрт кәсіпкердің хабарламасына көптеп жиналған. Алайда қайырымдылықтың арты жаға-жыртысқа ұласқан. Мұны көрген кәсіпкер халықты сабырға шақырғанымен, оны тыңдаған адам болмапты. Ең ақыры, оқиға орынан полицейлер келіп, жақсылық жасамақшы болған азаматты жауапкершілікке тартыпты. Осылайша мүгедектер, тұрмысы төмен отбасылар мен қарияларға көмектеспекші болған тұрғын бес күнге абақтыға жабылыпты.

«Азық-түлікті біз бөліп, дайындап қойдық. Енді тізім бойынша көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне апарып береміз. Менің күйеуім бар болғаны жақсылық жасағысы келді. Қазір ол карантин режимін бұзды деген айыппен қамауда отыр. Біз тым көп адам жиналады деп ойламадық. Жоспарымыз 200 адамды азық-түлікті қамту еді», – дейді кәсіпкердің жұбайы Яна Магомедхабибова.