Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат шықты

Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығына шағымданған емес, жұмысын жалғастырып жатыр, деп сендірді тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы.

Қазақстанның тұңғыш президенті, Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы, деп мәлімдеді оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

«Біз қауесеттерге ешқашан түсініктеме берген емеспіз. Алайда соңғы кездері кейбір адамдар елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға белсенді түрде тырысып жатыр, оның ішінде Елбасының денсаулығы туралы жалған ақпарат таратып жатқандар бар. Мұның бәрі – арандатушылық және өтірік. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы екенін растаймын, карантин жағдайында да Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастырып жатыр», – деді.

Ол сонымен қатар қатаң карантин жағдайында Елбасы кабинетіне кіруге шектеу қойылғанын атап өтті.